
Аталған акцияның негізгі мақсаты шетел автокөлік құралдарының үкіметаралық келісім мен Қазақстан Республикасы көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Жыл сайын жолаушылар мен жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы үкіметаралық келісімдер аясында шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға тепе-теңдік негізде рұқсат қағаздарының алмасуы жүреді.
Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес беріледі. Әр мемлекет серіктес мемлекетке өз территориясында жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота береді. Осыған орай, жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе бітіп қалған жағдайда шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды.
Аталған шаралар отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған. Басқаша айтқанда, бекітілген үлестері көлемінен тыс жүк тасымалдаумен айналысатын шетелдік компаниялар отандық тасымалдаушылардың тапсырыстарын ала алады.
Фото ашық ақпарат көзінен