
Қазақстан Республикасының Ашхабад келісіміне қосылуы туралы тапсырма Қазақстан Республикасының Президенті мен Иран Ислам Республикасы Президентінің 2014 жылғы 8-9 қыркүйектегі кездесу қорытындысы бойынша берілген.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 65-ші қадамын «Қазақстанды халықаралық көліктік-коммуникациялық ағындарға интеграциялауды» іске асыруда Қазақстанның аталған келісім мүшелерімен ынтымақтастығы аса маңызды.
Қазақстан Республикасының аталған келісімге қосылуын Ашхабад келісімінің барлық тарап-құрылтайы мақұлдады.
Жобаны жүзеге асыру халықаралық көлік дәліздері – қазақстандық учаскеде Солтүстік-Оңтүстік, сонымен бірге Орталық трансазиялық теміржол дәліздерінің дамуына, сондай-ақ, Парсы шығанағы порттарына шығуына және Қазақстан Республикасының жалпы транзиттік әлуетін одан әрі дамытуға оң серпін береді.
Фото ашық ақпарат көзінен