
2018 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасының әуе компаниялары 6,8 млн. жолаушыны тасымалдады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (6,2 млн. Адам) әуе көлігімен жолаушылар тасымалының өсімі 10% құрады.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) баяндамасында Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ең серпінді дамып келе жатқан нарықтардың бірі болып танылып отыр. IATA болжамына сәйкес, алдағы 20 жылда біздің еліміздегі әуе көлігімен сапарлаушылар саны 8 миллионнан 18 миллионға дейін артады.
Фото ашық ақпарат көзінен