
Көрменің ресми ашылуында «ТКШ-ны дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС бас директоры Айдар Махамбет бұл іс-шара қатысушылар мен қонақтар үшін жақсы диалог алаңы болатынын айтты.
«Бүгін біздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс индустриясындағы соңғы жетістіктермен танысуға мүмкіндігіміз бар. Биыл қатысушылар алғаш рет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру мен «Smart City» (ақылды қала) тұжырымдамасын енгізу бойынша шешімдерді ұсынатын болады. Отандық компаниялар өздері үшін көптеген қызықты және пайдалы нәрселер таба алады деп үміттенеміз, ал ұсынылған технологиялар іс жүзінде қолданылатын болады және тұтастай алғанда кәсіпорындар мен өнеркәсіптің тиімділігін арттырады», - деді Айдар Махамбет.
Көрме тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру үшін инновациялық шешімдер, инженерлік желілерді жаңғырту үшін жаңа технологиялар, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу, жылу, су және газбен жабдықтау, лифт шаруашылығы, құрылыс технологиялары мен материалдары, жарықтандыру техникасы, электр жабдықтары, «жасыл» технологиялар көрсетіледі.
Отандық компаниялардан басқа өз өнімдерін Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Түркия, Литва, Польша және Қытай кәсіпорындары ұсынды. Көрмемен қатар компаниялар энергиямен жабдықтау, ТКШ-ны автоматтандыру, ағынды суларды тазартудың әлемдік тәжірибесі, қазіргі заманғы гидрооқшаулағыш жүйелер және т.б. таныстырылымдарын өткізеді.
Ертең, көрме аясында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырған «қалалық экономикадағы «жасыл» ақылды технологиялардың қолжетімділігі» атты арнайы сайд-ивент өтеді.
Іс-шараның басты тақырыбы – адамдардың қаладағы өмірін жеңілдететін және қоршаған ортаны сақтауға қабілетті «жасыл» ақылды технологиялардың қолжетімділігі. Іс-шараға әкімдіктердің, қалалық коммуналдық кәсіпорындардың, компанияның, бизнестің тұрғын үй қорының басқарушылары мен қызмет көрсетушілердің өкілдері, пәтерлер мен үй-жайлардың иелері, сарапшы-практиктер қатысады. «Энергияны тиімді басқарамыз - біз жайлылықта өмір сүреміз!» байқауында жеңімпаз атанған басқарушы компаниялар марапатталады.





