ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС КОМИТЕТТЕРДІҢ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС КОМИТЕТТЕРДІҢ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Отырыса барысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік, геология және жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу және метрология саласындағы 2018-2020 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың 3 салалық комитеттің баяндамалары тыңдалды.Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Талғат Сатиевтың айтуынша,  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексті қабылдау жеке нормативтік-құқықтық актілердің әрекетін біріктіруге ғана емес, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді.

«Кодекс жер қойнауын пайдалану құқығын алу туралы бірінші өтінім қағидасын енгізді, геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізу, әкімшілік кедергілер мен лицензиялау рәсімдерін 3 есеге қысқартты. Сондай-ақ, CRIRSCO қорларын бағалауға халықаралық стандарттарына көшуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті Талғат Сатиев.

Бұрын Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті өз қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев көлік бақылау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алғышарттары мен жағдайларын жою жөнінде қабылданған шаралар туралы айтты. «Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Комитет 28 мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыруды жоспарлап отыр. Мысалы, адам факторын 100% алып тастау, сондай-ақ қызмет көрсету уақытын қысқарту мақсатында ауыр және (немесе) ірі көлік құралдарының өтуіне арналған арнайы рұқсаттар беруді автоматтандыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта оны жүзеге асыру үшін тиісті шаралар қабылдануда», - деп атап өтті Әсет Асавбаев.

Оның айтуынша, бейнеблогер мен «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа- орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерінен тұратын көліктік бақылаудың жұмысын тұрақты бақылайтын мониторинг тобы құрылды және белсенді жұмыс істейді. Мониторинг тобына құрылғалы бері 13 аймақта (Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан , Түркістан облыстары мен Астана және Алматы қалалары)  мониторинг тобының мүшелері көшпелі іс-шаралар өткізді. 

Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев сыбайлас жемқорлық тәуекелдермен байланысты аумақтық департаменттердегі жұмыстардың кемшіліктеріне талдау жасағанын хабарлады.

Осыған байланысты бірқатар шаралар қабылданды. «2019 жылдан бастап профилактикалық бақылауға көшу, кездейсоқ тексерулерді болдырмау, бақылау салаларын қысқарту, бақылау парақтарына қойылатын талаптарды азайту және оларға қойылатын талаптарды белгілеу жоспарлануда», - деді Арман Шаққалиев.

Отырыс барысында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің этика жөніндегі комиссары Гүлмира Әубәкірованың мемлекеттік қызметшілердің арасында мемлекеттік этиканың стандарттарына сәйкестігі және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуына жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасының этикалық кодексі бойынша өткізілген консультациялық, түсіндіру және ақпараттық жұмыс туралы баяндамасы тыңдалды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірінше, үнемі тыңдау өткізу сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комитеттердің жұмысын ынталандыруға және қоғамға мемлекеттің сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Қоғамдық кеңестің мүшелері өз ұстанымдарын білдіріп, осы бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде комитеттерге бірқатар ұсынымдар берді.