МИНСКТЕ ЕАЭО МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АККРЕДИТТЕУ ОРГАНЫ БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МИНСКТЕ ЕАЭО МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АККРЕДИТТЕУ ОРГАНЫ БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеңес отырысына Қазақстан тарапынан ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-нің бас директоры Мақсұт Өмірханов қатысты. Отырыс Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың төрағалық етуімен өтті.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдары  басшыларының Кеңесі 2018 жылғы 14 мамырда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық  кеңес шешімімен құрылған болатын.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдары басшыларының Кеңесі туралы Ереже бекітілді.

Кеңес отырысында салыстырып бағалау жүргізу тәртібінің жобасы туралы, сәйкестікті бағалау туралы негізсіз құжаттар беруге байланысты мәселелер, сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу үрдісінде өлшемді қадағалауды қамтамасыз етуге қатысты мәселелер, сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағындағы филиалдарының (өкілдіктерінің) сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдарының техникалық регламенттерінің талаптарына сай жүзеге асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Кеңес отырысында өзге де бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Аталмыш іс-шарада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдары басшылары Кеңесінің жетекшісі сайланды. Ол жыл сайынғы негізде сайланады. Оған Армения Ұлттық аккредиттеу органы директорының міндетін атқарушы Анна Мелкоян сайланды.