ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Көлік комиссияның қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр және Қытай тарапын Қытай Халық Республикасының Көлік министрінің орынбасары – Лю Сяомин басқарды.

Отырыс барысында автомобиль, әуе көлігі және контейнерлік тасымалдар саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мысалы, автомобиль көлігі саласы бойынша тараптар ШЫҰ мүше мемлекеттерінің үкіметтері арасында  халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар туралы келісімді жүзеге асыру келісіміне қол жеткізді.

Азаматтық авиация саласында тараптар Пекин қаласында қосымша слоттарды ашу маңыздылығын талқыға салды.

Контейнерлік тасымалдар саласында тараптар Қазақстан арқылы транзитпен Түркия, Кавказ, Өзбекстан, Түрікменстан және Иран бағыттары бойынша тасымалдарды кеңейту келісімне қол жеткізілді.

Қытай мен Қазақстан арасындағы Ынтымақтастық комитетінің көлік саласы бойынша еншілес Кіші комитетінің келесі 12-отырысын 2019 жылы Қытай Халық Республикасында өткізу жоспарлануда.