
Қазақстанда қызмет көрсету менеджменті саласы қарқынды дамып келеді. Күні кеше электрондық банкинг және сауда-саттық сияқты онлайн-сервис түрлері ешкімге белгісіз болса, бүгінгі таңда біздің көпшілігіміздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Осыған қарамастан, мобильді банкинг бағыты Қазақстан нарығында салыстырмалы түрде жаңа екендігіне қарамастан, сарапшылар болжамы бойынша оның келешегі өте ауқымды. Бұл сегмент бүгінгі таңда қарқынды дамуына орай, тиісті стандарттар әзірлеп енгізу қажеттігін туындатып отыр.
Мобильді – қаржы қызметтері бағытында мамандар бірқатар стандарттар сериясын әзірледі, олар жалпы қағидаттардан басқа мобильді қаржы қызметтеріне арналған деректер қауіпсіздігі мен қорғауды, қаржы қосымшаларының өмірлік циклын басқаруды қарастырады, бизнесте мобильді платформалар мен мобильді төлемдер көмегімен жеке тұлғалар арасында ақша аударымдарын жүргізуге мүмкіндік береді.
SMS, USSD-өтінімдері арқылы бірқатар қызметтер үшін телефоннан төлеу өте қолайлы, сондықтан төлемдерді ұялы телефонның көмегімен жасау күн сайын өсіп келеді.
Дамып келе жатқан нарыққа байланысты мобильді қаржы қызметтері дамып, әлемнің түрлі өңірлерінде түрлі негізде енгізіліп келеді, оның ішінде осындай қызметтердің түрлі провайдерлері арасында да кеңінен пайдаланылады. Осы жағдайда ҚР СТ ISO 12812 (барлық бөлімі) мобильді қаржы қызметтерінің сәйкестігі, қауіпсіздігі мен сапасын ынталандырып қолдауды қарастырады. Сонымен бірге, қызметтің мүдделі тараптары дамудан пайда ала алуы, ал қызмет провайдерлері өздерінің меншікті бизнес стратегияларын іске асыратындай қаржылық тұрғыдан еркін және бәсекеге қабілетті болуы маңызды. ҚР СТ ISO 12812 (барлық бөлімі) жаңа құрамбірліктер мен интерфейстердің әсерін қарастыру жолымен техникалық деңгейде қызметтік сыйымдылық қарастыралады.
Мобильді банкинг саласындағы стандарттау мобильді қаржы қызметтері нарығының орнықты дамуына көмектесетін болады, олардың негізінде мобильді қаржы қызметтері құрылатын түрлі құрамбірліктер немесе қызметтер арасында қызметтік сыйысымдылықты жеңілдетіп жақсартады, пайдаланушылар қызметке сенім арта алатындай қауіпсіз орта құрады және мобильді қаржы қызметінің провайдерлеріне келетін қатерлерді басқара алуға мүмкіндік береді.
Стандарттар төлемдер, шарт талаптарының мөлдірлігін қарастырады, шағымдарды қарастыру мен дауларды шешудегі жауаптылық пен тетіктерді түсіндіреді. Сонымен бірге, клиентке қызметтерді бір құрылғыдан алу немесе мобильді қаржы қызметін бір құрылғыдан екіншісіне ауыстыру үшін бірнеше мобильді қаржы қызметінің провайдерлерімен байланысу мүмкіндігін қоса, құрылғылардың немесе мобильді қаржы қызметтерінің түрлі провайдерлерін таңдау мүмкіндігі беріледі.
Осы мақсаттарға жету үшін ҚР СТ ISO 12812 барлық бөлігінде қажетті техникалық тетіктер қарастырылған.
Банк қызметіне арналған стандарттарды ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы 2018 жылғы 1 қарашада бекітті және ол стандарттар 2020 жылы қолданысқа енгізілетін болады.
Фото ашық ақпарат көзінен