ҚР ИДМ 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІН АККРЕДИТТЕУДІ БАСТАДЫ

ҚР ИДМ 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІН АККРЕДИТТЕУДІ БАСТАДЫ

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 22 қарашадан 6 желтоқсан аралығында (жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін) +7(7172)98-34-82, 98-31-11. Астана қ., Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1 мекен-жайы бойынша орналасқан «TRANSPORT TOWER» ӘТК Министрліктің кеңсесінде жүргізіледі.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. белгіленген үлгідегі өтiнiш (үлгі сілтеме бойынша);
  2. салыстыру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi.

*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.

  1. бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.