
"Қаражыра" АҚ-ң кенішіндегі бір тонна көмірдің бағасы 3 350 теңге. 2016 жылдан бері көмірдің бағасы көтерілген жоқ.
Екі жақты Меморандумға қол қойылғаннан кейін облыс пен қаланың бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы брифинг ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні коммуналды-тұрмыстық қажеттіліктер мен облыс тұрғындары үшін жылдық қажеттілікті көмір қорымен қамтамасыз ету 89%-ды құрап отыр.
Фото ашық ақпарат көзінен