
Қазақстандық тараптан Келісімге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Ж.М., сингапур тарапынан Сауда және өнеркәсіп аға мемлекеттік министрі Доктор Ко По Кун қол қойды.
Келісім екі мемлекеттің инвесторлары мен бизнесі үшін қолайлы жағдайлар құру үшін және мемлекеттердің экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында өзара инвестицияларды ынталандыруға бағытталған.
Анықтама үшін: 2005 жылдан 2018 жылғы 1-жартыжылдық мерзімінде Сингапурдан Қазақстанға тікелей инвестицилардың келу ағымы 314,4 млн. АҚШ долл. құрады.
2005 жылдан 2018 жылғы 1-жартыжылдық мерзімінде Қазақстаннан Сингапур тікелей инвестициялардың кету ағымы 1045,8 млн. АҚШ долл. құрады.
2018 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан және Сингапур арасындағы сыртқы сауда көрсеткіші 312,8 млн.АҚШ долл. құрады, бұл 2017 жылғы бірдей уақытпен (56,2 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 5,5 есе көтерілді.
Фото ашық ақпарат көзінен