
Онда теңізде жүзу қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту, Орталық Азиядағы халықаралық автокөлік тасымалы мониторингінің нәтижелері, АКХО жасаған және Еуразиялық экономикалық одақтағы халықаралық автобус тасымалы жөніндегі жаңа жарияланым, «Ресей Федерациясының цифрлы экономикасы» бағдарламасы аясында көлік кешені үшін цифрлы платформа құру жөніндегі шараларды жүзеге асыру туралы, Кәсіби драйверлерді даярлау саласында ТМД базалық ұйымының мәртебесін беру туралы РКУ туралы және т.б. мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өкілдері «ТМД-ның құрметті тасымалдаушысы» медалімен, сондай-ақ ТМД елдерінің көлік саласын дамыту мен нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Көліктік үйлестіру кеңесі төрағасының алғыс хатымен марапатталды. Марапатқа Қазақстан Республикасынан Жәнібек Тайжанов пен Дәурен Сәбитов ұсынылды.

