ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Қатысушыларға Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жеткен еліміздің жетістіктері мен елорданың 20 жылдық мерейтойы туралы бейнероликтер көрсетілді. Жауапты хатшы. З.Сағынов ұжымды Тұңғыш Президент Күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде Көшбасшымыздың басшылығымен тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан үлкен нәтижелерге қол жеткізді және тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік деңгейде танылды, деп атап өтті. Бұдан бөлек, Жауапты хатшы биыл тойланған Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы туралы айта келіп, министрліктің 80-нен астам қызметкері Президент Жарлығымен «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталғанын хабарлады.

Мерейтойлық медальмен комитеттер мен департаменттердің басшылары, салада 20 жылдан астам уақыт қызмет еткен және еңбек өтілі жоғары алдыңғы қатарлы қызметкерлер марапатталды.

Салтанатты жиын барысында Жауапты хатшы 24 қызметкерге медаль табыс етті. Олардың ішінде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Батанов, «Казаэронавигация» РМК бас директоры А.Бектұров, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т.Ластаев, Инвестиция комитетінің төрағасы Е.Хаиров, Құжаттау және бақылау департаментінің бас сарапшысы Г.Әбдибеков, Активтерді басқару департаменті директорының орынбасары Ж.Акбердиева, Заң департаменті директорының орынбасары А.Алибаев, Кадр жұмысы департаментінің бас сарапшысы А.Алпысбаева, Қаржы департаментінің бас сарапшысы Д.Арстангулова, Әкімшілік жұмыстар департаментінің басқарма басшысы К.Баймышева, Кадр жұмысы департаментінің басқарма басшысы Ш. Дауылбаева, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы Ж.Жаналиева, Қаржы департаменті директорының орынбасары Ж. Ибраев, Активтерді басқару департаментінің бас сарапшысы М.Исағали, Экономикалық интеграция департаментінің бас сарапшысы А. Кабираева, Ішкі аудит департаментінің директоры Ю. Каппель, Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры А. Кенжебаева, Стратегиялық жоспарлау департаментінің бас сарапшысы С. Козбагарова, Қаржы департаментінің бас сарапшысы А. Курманкулова, Құжаттау және бақылау департаменті директорының орынбасары С. Мырзаханова, Кадр жұмысы департаментінің бас сарапшысы, Ә. Нұржан, Мемлекеттік құпияларды сақтау және жұмылдыру дайындығы департаментінің басқарма басшысы С. Садыкова, Технологиялық және инновациялық даму департаментінің басқарма басшысы О. Тілеуғазыұлы бар.