АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

2018 жылдың қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарына келесі аймақтар кірді: «Щучье көлінің айналасы» 0-20 шақырым, Щучинск шипажайына кіру 0-4 шақырым, Р-7 автокөлік жолдары, «Бурабай курорттық аймағының» «Ракушка», «Родник» учаскелерінің жолдары.  Қайта жөнделген жолдар IV  техникалық деңгейдегі 100шақ/сағ жылдамдықпен жүруге арналған жол болып табылады.

Орта жөндеу барысында фрезерлы асфальтбетон төсемі, байланыстырушы материалдарды құю және қиыршық тас пен мастикалық асфальтбетон жабындарды орнату жұмыстары жүргізілді.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында, учаскіде жолжағалар күшейтіліп, жол белгілері мен таңбалары орналастырылды. Бұдан басқа, «Ракушка» және «Родник» демалыс кешенінің алаңы жаңартылды, сонымен қатар , автотұрақ орындары жасалды.

Қалпына келтірілген демалыс орындарында  жоғарғы қабатты жабу бойынша жұмыстар жүргізіліп, демалыс шатырлары,   орындықтар мен қоқысқа арналған жәшіктер орналастырылды.

Автожолды жөндеп оны қолданысқа беру арқылы жүк тасымалының көлемін арттырып,  өңірлердің әлеуметтік-экономикалық рөлін көтеріп, оның ішінде халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартуға болады.

Қайта жөнделген жол учаскісі Қазақстан аумағында көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Фото ашық ақпарат көзінен