ШАМАДАН ТЫС ЖҮК ТИЕГЕН КАРЬЕРЛІК КӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ 68 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ШАМАДАН ТЫС ЖҮК ТИЕГЕН КАРЬЕРЛІК КӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ 68 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Жүк таситын автокөлік құралдарының басым бөлігі тиісті мөлшерден ауыр жүк тиеп алады. Ол жолдардың тез тозуына әкеп соқтырады және Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына қайшы келеді. Салмақ параметрінен асырып жүргендерге Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 571-бабының 6- және 9-тармақтары бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген салмағы, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.

Көліктік бақылау инспекторлары осындай фактілерді анықтаған жағдайда Кодекстің 571-бабы 2-1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.

Осылайша, биыл қыркүйек айынан 28-қарашаға дейін 1725 автокөлік құралы тексеріліп,1528 әкімшілік хаттама толтырылған. Алым соммасы 13756 799 теңгені, салынған айыппұл соммасы 68 734 253 теңгені құрады.

Осы бағыттағы көліктік бақылау жұмыстары жалғасуда.

Фото ашық ақпарат көзінен