
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Тұжырымдама жобасында «қарапайым заттар экономикасын» дамыту, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттаушыларды қолдау, шетелдік инвестицияларды қоса алғанда, жеке инвестицияларды тарту арқылы ірі, үздік жобаларды іске асыру. Жалпы индустриялық саясат сабақтастықты қамтамасыз етеді және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталады.
«Индустриялық-инновациялық саясаттың мақсаты – бұл ішкі және сыртқы нарықтарда өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру. Осы мақсатқа жету үшін үш міндетті шешу керек: Индустрияландыруды тереңдету, сыртқы нарықтарда сұранысқа ие болған, өңделген тауарлардың өндіріс көлемін, номенклатурасын және күрделілігін арттыру және өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту», - деп атап өтті Тұжырымдама жобасын таныстырған Жеңіс Қасымбек.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін, индустриялық-инновациялық дамудың 5 бағыты ұсынылып отыр. Проактивті сауда саясатын жүргізу, өсу нүктелерінде мамандандырылған өндірістік факторларды алдын-ала құру, капиталды және ғылымды қажет ететін жаңа өндірістерді ашу, ішкі және сыртқы нарықтарда тиімді кәсіпорындарды тікелей қолдау, индустрияландыру саясатын үйлестіру, қаржыландыру және индустриялық-инновациялық реттеу мен қолдаудың тиімділігін арттыру.
Министрдің айтуынша, үшінші Индустрияландыру бағдарламасы алдыңғы екі бесжылдықтан ерекшеленетін болады.
«Біріншіден, өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында тиімді өндірушілерді қолдау үшін салалық басымдықтардан ауысу жүзеге асырылады. Екіншіден, өндірілетін өнімнің, оның ішінде халық тұтынатын тауарлардың жаңа номенклатурасын игеруге, қолданыстағы номенклатураны кеңейтуге және «күрделендіруге» күш салынады. Үшіншіден, бизнестің нақты көрсеткіштерге қол жеткізуі үшін (экспорттың өсуі және т.б.) тікелей қолдау көрсетілетін болады. Төртіншіден, өнеркәсіптің «цифрлық дәуірге» дайындығы аясында қажетті инфрақұрылым мен стандарттар жасалады», - деді министр Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, теңгерімді даму моделіне негізделген кәсіпорындарға қолдау көрсету жалғасады. Жаңа кәсіпорындардан бастап табысты кәсіпорындарға дейін дамудың барлық кезеңдерінде кешенді қолдауға ие болады. Болашақта, кәсіпорындардың үш тобына назар аударылады.
Бірінші топ «Мықты тыл» - бұл өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары, олардың есебінен халық тұтынатын тауарларды қоса алғанда, отандық өнімнің көлемі мен ассортименті кеңейтілетін болады. Сондай-ақ болашақ экспорттаушылардың пулы құрылады.
Екінші топ «Бәсекеге қабілетті өндірушілер». Бұл жұмыс істейтін экспорттаушылар, олардың міндеті – экспорттық тауарлар номенклатурасын кеңейту және күрделілігін арттыру.
Үшінші топ «Салмақты орталықтар» - оның ішінде базалық салалардағы, сондай-ақ Трансұлттық компаниялар мен шетелдік инвесторлар қатысатын ірі, капиталды қажет ететін жобалар. Олардың есебінен өнекәсіптік жартылай фабрикаттардың жаңа түрлерінің өндірісін игеру және қажетті шикізатты беру қамтамасыз етілетін болады», - деп түсіндірді Инвестициялар және даму министрі.
Үшінші Индустрияландыру бағдарламасының қорытындылары бойынша 2016 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінде келесі негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу болжанып отыр:
1.Негізгі капиталға салынған инвестицияның 2 есеге өсуі;
2. Еңбек өнімділігінің 1,7 есеге өсуі;
3. Өңделген тауарлар экспортының 2,3 есеге өсуі;
4. Экономикалық күрделілік индексін 55-ші орынға дейін көтеру (Гарвард);
5. Экономикалық белсенді халықтың 1000 адамға шаққанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың санын 2,3 есеге ұлғайту.
Үшінші Индустрияландыру бағдарламасының Тұжырымдамасына қатысты айтылған тәсілдер экономикаға қосылған құнды одан әрі ұлғайтуға бағытталған жұмысты күшейтуге, өндірілетін тауар қоржынын «күрделендіруге» және сыртқы нарықтарға қатысуды кеңейтуге мүмкіндік береді.