
Оның айтуынша, біріншіден тұрғын үйлерді приборландыру шараларын жүргізу керек.
«Талдау көрсеткендей, жалпыүйлік жылуды есептеу приборларын орнату кезінде төлем 36%-ға дейін немесе көлемі 60 шаршы метр екі бөлмелі пәтердің жылуы үшін орташа есеппен 2 720 теңгеге төмендейді. Бүкіл ел бойынша бұл үнемдеу жылына 32,5 млрд.теңгеге немесе 5 жылда 162,5 млрд. теңгеге жетуі мүмкін. Ақтөбе қаласындағы 29,8 шаршы метр пәтерге жалпыүйлік жылуды есептеу приборы мен автоматты жылу пунктін орнатқаннан кейінгі үнемді мысал ретінде айтуға болады. Түбіртекте көрініп тұрғандай, 2017 жылдың қазан айында жылыту құны 3 547 теңгені құрады. Жылуды есептеу приборы мен автоматты жылу пунктін орнатқаннан кейін 2018 жылдыңқазан айында жылыту құны 466 теңгені құрады, яғни үнем -3081 теңге (86,8%)», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Жалпыүйлік жылуды есептеу приборлары мен автоматты жылу пункттерін толық масштабта енгізу үшін екінші деңгейдегі банктердің инвестициялары мен қаражатын тарту бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Министрдің дерегі бойынша, Мерус (Merus) неміс компаниясы Астана қаласында «Астана-Теплотранзит» Акционерлік қоғамымен бірге ұзындығы 24 км болатын болат құбырына тоттануға қарсы технологияларды қолдану пилоттық жобасын бастайды. Сондай-ақ, Алматы қаласында жапондық (Митсури) (Mitsui & Co) компаниясының тоттануға қарсы технологиясын қолданудың пилоттық жобасын іске асыру мүмкіндігі пысықталуда.
«Жүргізілген сынақтардың нәтижелері бойынша технологияларды жаппай енгізу және Қазақстан аумағында осы жабдықты (технологияларды) өндіретін зауыт салу жөнінде шешім қабылданатын болады.
Тоттануға қарсы жаңа технологияларды қолдану арқылы 100 км желіні жаңғыртуға жұмсалатын қаржыны 16 млрд. теңгеден 2,4 млрд. теңгеге дейін азайтуға болады және жылу желілерін пайдалану мерзімі 30 жылға дейін ұзарады», - деді Жеңіс Қасымбек.
Бұдан бөлек, қазіргі уақытта E-SHANYRAQ пилоттық жобасын іске асыру аясында 1405 көппәтерлі тұрғын үй техникалық паспорттар мен 3862 есептеу приборларын енгізу жүйесіне қосылды. Жыл соңына дейін көппәтерлі тұрғын үйлерге шамамен 2 мыңнан астам техникалық паспортты және 4 мыңнан астам есептеу приборларын қосу жоспарланып отыр. 2022-ші жылы 100% қосылады, деп күтілуде.
Жоғарыда аталған ұсыныстарды іске асыратын болсақ, алдын ала бағалау бойынша тиімділік 2,4 триллион теңгеден 3,9 триллион теңгеге дейінгі жетеді (жаңа технологияларды өндірушілер мәлімдеген әсерді растаған жағдайда).
Алғашқы ресурстарды үнемдеу CO2 шығарындыларын жылына 5,8 млн. тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Жылу желілеріндегі шығындарды төмендету есебінен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың энергия тұтынуын 17%-ға дейін төмендету болжануда.