
Оқушылар үшін Институтқа шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Онда балалар ғалымдардың жұмысы туралы, сондай-ақ эталондық жабдықтарды өз көздерімен көріп, танысты. Ұйымдастырылған іс-шара өте тартымды өтті. Балаларға эталондық гирьлерді қолдану арқылы массаны өлшеу процесін көрсету қызықты болды. Сондай-ақ, балаларға жарық күшінің бірлігі мемлекеттік эталоны айрықша әсер берді.
Экскурсияны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Тәлімгерлер» жобасы аясында ұйымдастырды. Бұл бастаманың мақсаты балаларға мамандық әлемі туралы түсінік қалыптастыру және оқушыларға саналы түрде таңдау жасауға көмек көрсету.
Балалардың жасы кездейсоқ таңдалмаған. 12-14 жас аралығындағы балаларды түрлі кәсіптермен таныстыру ой-өрісін дамытып қана қоймай, оның кәсіпке деген бейімділігін анықтауға және тандау жасауға ықпал етеді. Алтыншы сынып оқушыларының оқу орнына түсуге дайындалуға және таңдау жасауға мүмкіндіктері бар.
Қазақстандық метрология институтының қызметкерлері балалардың танымдық қызығушылығы мен бейімділігі және мамандыққа деген құштарлығы артатынына сенім білдірді.
«Жақсы оқыңыздар, физика және математика сияқты нақты ғылымдарға қызығыңыз. Табандылық, жақсы баға мен сапалы білім алуда табыс тілейміз», - деді «ҚазМетрИн» РМК Бас директоры Тоқтабек Тоқанов. Экскурсия аяқталғаннан кейін кішкентай қонақтарға тәттілер, жемістер мен естелік сыйлықтар табыс етілді.



