
Концепция одаққа мүше-мемлекеттерде өнеркәсіпті цифрлық траснформациялау және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастықты цифрлық траснформациялау үшін жағдай жасаудың мақсатын, міндетін, құралдары мен механизмдерін айқындайды.
Сонымен қатар, Концепция кооперация және субконтрактация, технологияларды трансферттеу және бір қатар басқа да бағыттар бойынша мәселелерді қамтитын кешенді жүйенің қалыптастыруын көздейтін Еуразиялық цифрлық платфоманың құрылуын айқындайды.
Концепция жобасын әзірлеу 2016 жылғы 17 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің №17 шешімінен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша актілер мен іс-шараларды әзірлеу жоспарының 25-тармағында қарастырылған.
Фото ашық ақпарат көзінен