ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ 100+ FORUM RUSSIA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНДА ҰСЫНЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ 100+ FORUM RUSSIA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНДА ҰСЫНЫЛДЫ

Александр Шахнович Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры бірегей құрылыстардың құрылысын салу және пайдалануға арналған 100+ Forum Russia халықаралық конгрессінің шеңберінде Қазақстанның құрылыс объектілерінің өмірлік циклінің бүкіл кезеңдерінде ақпараттық модельдеу процестерін нормативтік құжаттарда және талаптарда регламенттеу бойынша жұмыстардың қорытындылары туралы баяндамасын ұсынды.     

«Ақпараттық модельдеу» және «өмірлік циклды басқару» ұғымдары өзара байланысты және басқарушылық тәжірибенің аспектілері болып табылады. Құрылыс объектілерін іске асыру барысында тәуекелдерді болдырмас үшін құрылыс объектісі өмірлік циклдың қандай кезеңінде екенін, қандай мүдделі тараптар шешім қабылдау немесе қажетті әрекеттерді жүргізу қажет екендігін түсіну аса маңызды. Бұл үшін өзекті және анықталған ақпарат қажет және ВІМ (ҚОАМТ)-да көрінетін тәжірибелер жинағы ғана құрылыс объектісін құру (іздестіру, жобалау және құрылысын салу) барысында талаптарды басқару және қорытындыларды тіркеу үшін ақпараттық алаңды қауіпсіз және тиімді түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді Александр Шахнович.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры «ВІМ мысалындағы ғимараттардың өмірлік циклы» форумы сессиясының модераторы болып шықты. Сессия аясында В.А. Кучеренко атындағы ҚКОҒЗИ, «Құрылыс» ҒЗО» АҚ, «ИНГИПРО», «Құрылыссарапшы» ЗО»,  «Институт Гипростроймост-Санкт-Петербург», Trimble Solutions Ресей компаниялары өнеркәсіптік кәсіпорын, көпірлік құрылыстар мен жолдарды ақпараттық модельдеу проблематикасы, сондай-ақ Open BIM тұжырымдамасының кейбір практикалық аспектілері мысалында құрылыстағы ақпараттық модельдеуді нормативтік реттеу, «жалпы деректер ортасын» қалыптастыру,   «активтің ақпараттық моделін» құру саласындағы  Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының  тәжірибесі талқыланды.

Ұйымдастырушылардың деректері бойынша, инвестициялық-құрылыстық қызметтің барлық мәселелерін қамтитын іс-шараға 10 000-нан аса адам, оның ішінде жобалау және құрылыс саласындағы танымал сарапшылар қатысады. Әлемдік таңбалық сәулет объектілерінің авторлары баяндамаларын, ашық дәрістерін және шеберлік-сабақтарын ұсынады.

 

Анықтама

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды  және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 

Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Иныестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.