ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ҚАҒАЗ СЕРТИФИКАТ БЛАНКІЛЕРІНЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ШЫҒАРУ БАСТАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ҚАҒАЗ СЕРТИФИКАТ БЛАНКІЛЕРІНЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ШЫҒАРУ БАСТАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ

Күн тәртібінде үш негізгі блокты реформалау мәселелері қарастырылды, олар: заңнамалық өзгерістер, электрондық сертификаттауды енгізу және аккредиттеу органымен өзара іс-қимыл жасау.

Реформалаудың алғашқы кезеңі сәйкестікті растау және тауардың шыққан елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау Комитеттің нақты байланысын болдырмау және аттестаттау мәселелерін Бірыңғай тестілеу орталығына жіберу болып табылады. Келесі кезеңді іске асыру    кәсіби ортаға сарапшылардың құзыреттілігін айқындау және мемлекетке оларды бақылау функцияларын қалдыру құқығын және жауапкершілігін бекіте отырып, функцияны өзін-өзі реттейтін салаға берумен қорытындыланады.

Техникалық реттеу және метрология мәселелеріне ортақ көзқарастарды қалыптастыруға белсенді түрде қатысу мүмкіндігін аккредиттеу органдарының өзі де құптайды. Осылайша, «Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Дәулет Сүтемгенов жеке зертханаларды аккредиттеудің негізділігі туралы күмәнді ойымен бөлісті және ол Комитеттің кәсіби ортаға ашық диалог жүргізу жөніндегі жұмысы орындалатынына сенетінін айтты.

Бұдан басқа, Комитет жалған өнімдерден нарықтың ашықтығын қамтамасыз ететін және бюрократиядағы бизнес шығындарын алып тастайтын электронды сертификаттауға көшуге ниеттеніп отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган нарыққа қатысушыларға өнімнің міндетті сертификаттауға жататындығын айқындауға мүмкіндік беретін ақпараттық құралды әзірледі және СЭҚТН кодтары бар өнімдердің тізбесін қабылдауға дайын. Қабылданатын шаралар, сондай-ақ бизнесті басқаруды жеңілдетуге бағытталған. Бұл база ресми тұлғаларға жүгінусіз, әрі қарай кедендік декларациялау үшін құжаттарды алуға мүмкіндік береді.

Кеңестің қорытындысы бойынша «Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ Төрағасы аккредиттеу субъектілерінің қалыптастырылатын «Проблемалар картасына» ұсыныстар енгізуге және жедел және ұзақ мерзімді мәселелерді айқындауға, зерттеу үшін техникалық реттеу қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізуге ұсыныс жасады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қолы қойған «Стандарттау туралы» Заңға түсініктеме беру және әрбір техникалық сарапшыға енгізілген жаңалықтарды жеткізу жөніндегі ауқымды жұмыстарды жалғастыру тапсырылды. Комитет 1300 мемлекеттік бағдарламаны қайта құруды және олар бойынша салалық сарапшы-аудиторларды, оның ішінде белгілі бір саланы мамандандыруда (бағдарлауда) үлкен өтілі мен кәсіби тәжірибесі бар шетелдік мамандарды даярлауды жоспарлап отыр.