11 АЙДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ 104,9%-ДЫ ҚҰРАДЫ

11 АЙДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ 104,9%-ДЫ ҚҰРАДЫ

Оның айтуынша, 2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 104,5%-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 104,7%, өңдеу өнеркәсібі 104,9%.

«Тау-кен өндіру секторында темір кенін өндіру көлемі 7,3%-ға, түсті металл рудасының көлемі 3,9%ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде жылдық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді және бірқатар салаларда өсім байқалуда. Атап айтқанда, машина жасау саласында 15,7%-ға, былғары өнімінде 8,1%-ға, химия өнеркәсібінде 7,2%-ға, қағаз 5,1%-ға, резеңке және пластмасс бұйымдары 2,9%-ға, жиһаз өндіруде 2,4%-ға өскен», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. 

Көлік кешенінде 11 айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 104,6%-ды, құрылыс бойынша нақты көлем индексі 103,9%-ды құрап, жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді.

«11 айдың қорытындысы бойынша 11,0 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,3%-ды құрады. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жылдық жоспары 91%-ға орындалды. Жалпы республика бойынша 96 761 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 37 026  - жеке тұрғын үй бар», - деді министр.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемінің ұлғайуы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 16 өңірінде жалғасуда.

 

Фото мұрағаттан алынды