ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КҮНІ АЯСЫНДА ТКШ-НЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КҮНІ АЯСЫНДА ТКШ-НЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

ТКШ ҚазОрталығы цифрлық өнімдер мен жаңа технологияларды қолдануды қамтитын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша жаңа тәсілдерді ұсынды. Стендте аспаптандыру, жаңа технологияларды қолдану және e-SHANYRAQ бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу арқылы мемлекет үшін экономикалық тиімділікті және халық үшін орташа түбіртектің төмендеуін көрнекі түрде көрсеткен интерактивті бағдарлама ұсынылды.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың ұлттық мазмұнды және жергілікті стартап-жобаларды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өндірілетін қазақстандық зияткерлік есептеуіштердің үлгілері ұсынылды.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев атап өткендей, ТКШ-ны цифрландыру мемлекет үшін де, халық үшін де қуатты синергетикалық нәтиже береді. Тұтастай алғанда, жаңа тәсілдер секторды неғұрлым ашық етуге және азаматтардың коммуналдық кәсіпорындар қызметімен қанағаттануын арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы саланы дамыту үшін ұсынылған тәсілдерді мақұлдап, барлық мүдделі тараптармен басталған жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.