
Алғашқы үштікке Алматы қаласының, Павлодар облысының және астаналық «Нұр Отан» партиясы филиалдарының қоғамдық қабылдаулары енді. Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Артур Платонов пен Айзада Құрманова «Үздік депутат» номинациясының иегерлері атанды. Ал, «Үздік мемлекеттік орган» номинациясы ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне бұйырды. Жеңімпаздарды анықтау кезінде азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдерін қанағаттандыру, оң шешілген шағымдардың үлесі, азаматтардың бірыңғай ақпараттық жүйеде және басқа да көптеген өтініштерді уақтылы тіркеуі және тағы басқа да көптеген критерийлер ескерілді.
Азаматтардың жиі көтеретін проблемаларына әлеуметтік мәселелер, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелер жатады. Бұл мәселелердің көпшілігін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, депутаттар мен заңгерлер жеке қабылдауларында «ізін суытпай» шешуге тура келеді.
2018 жылдың 11 айында азаматтардан барлығы 130 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 53 мыңнан астам азамат қатысқан 30 мыңнан астам қабылдау өткізілген.

