ҚАЗАҚСТАН МЕН ЛИВАН САУДА МЕН ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЛИВАН САУДА МЕН ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мен сауда-экономикалық әлеуетті арттыру қажеттігін атап өтті.

Елші Қазақстаннан Ливанның экономикасына ірі кәсіпорындар үшін инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ливан Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісімнің жобасы туралы мәселе қозғалды. Елші банк секторындағы заңнамалық базаның және Қазақстандағы шетелдік банктерді және олардың филиалдарының жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды көтерді.

Вице-министр жекешелендірудің қазіргі бағдарламасы мен елдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін жасалған жағдайлар туралы айтып берді. Т. Тоқтабаев сондай-ақ, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы инвесторларға қолдау көрсететінін және жақында ашылған Астана халықаралық қаржы орталығы да қосымша қолдау көрсететуге дайын екенін атап өтті.

Тараптар сондай-ақ Қытайдың, Ресейдің және басқа да мемлекеттердің жақын нарықтарына өнімдерді жеткізуге Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу соңында тараптар сауда, экономика және инвестиция салалары бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Вице-министр ынтымақтастықты тереңдетуде барлық қажетті шаралар қабылданатынын айтты.