АСТАНАДА ҮЗДІК ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

АСТАНАДА ҮЗДІК ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
  1. Шетелдік инвесторларды марапаттау салтанатты рәсімін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ашты. Іс-шараға инвесторлар, шетел дипломатиялық өкілдіктерінің, іскерлік қауымдастықтар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

    Тимур Тоқтабаев атап өткендей, Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап шетелдік инвесторларға қолайлы жағдайлар жасау арқылы экономикалық өсімге бағыт түзеді.

     «Мемлекетіміз инвестициялық климатты жақсарту жұмыстарын атқарғанның арқасында соңғы 13 жылда Қазақстан экономикасына құйылған тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 300 миллиард долларға жетті», - деді Инвестициялар және даму вице-министрі.

    Биыл экономиканың құрылыс, машина жасау, тағам өнеркәсібі секторларында жұмыс істейтін компаниялар үздік шетелдік инвесторлар ретінде танылды.

    2018-жылдың үздік шетелдік инвесторлары:

    1. THE LINDE GROUP, Германия (Газ химиялық өнеркәсібі)
    2. SOLARNET, Германия (Жаңартылған энергия көздері)
    3. AIR LIQUIDE, Франция (Газ химиялық өнеркәсібі)
    4. ALSTOM, Франция (Машина жасау)
    5. ЛУКОЙЛ, Ресей (Мұнай химия өнеркәсібі)
    6. PHOENIX GLOBAL DMCC, БАӘ (АӨК)
    7. ECZACIBASI HOLDING, Түркия (ТМК)
    8. DTN, АҚШ (Ақпараттық технологиялар)
    9. CHINA GEZHOUBA GROUP COMPANY LIMITED, Қытай (Құрылыс)
    10. CG Corp Global, Сингапур (Тағам өнеркәсібі)