
Бірінші вице-министр тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз барлық салалар бойынша үлкен жетістіктерге жетті және жалпы халқымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосты, деп атап өтті.
«Біздің министрлік кезекті ел тәуелсіздігі мерекесіне зор жетістіктермен жетті. Министрлік «Үздік мемлекеттік орган» ретінде танылды. Сонымен қатар, «Үздік корпоративтік сайт» номинациясын жеңіп алдық. Бұл жеңістерге барша ұжымның ерен еңбегінің арқасында қол жеткіздік», - деді Роман Скляр.
Салтанатты жиын барысында мемлекеттік марапаттар табысталды. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлес үшін «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ Автомобиль жолдары және көпір құрылыстары департаментінің кеңесшісі Бакытжан Муртазин, «Ақмола құрылыс материалдары» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Смаилов «Парасат» орденімен, «Kazakhmys» ЖШС бас директоры Аділет Барменқұлов, «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК бас директорының техникалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Константин Хван, «Гордорстрой» ЖШС директоры Бауыржан Кайрамбаев, «KTZ Express» АҚ Әуетасымалдар департаментінің директоры Болат Наурызалиев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Автомобиль жолдары құрылысы саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен үшін, сондай-ақ, еңбек өнімділігі мен республика экономикасының бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан жоғары көрсеткіштері үшін «К-Жол құрылысы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша автогрейдер машинисі Мұрат Қазанқапов III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды. Сонымен қоса, бірқатар қызметкерлер «Ерен еңбегі үшін» медалімен және мемлекеттік қызметте елеулі жетістіктерге жеткені үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанның және ел астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Бұдан бөлек, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр бірқатар қызметкерге ведомсволық марапаттар мен министрдің Құрмет грамоталарын табыстады.










