«ҚАЗАҚАВТОЖОЛ» ЖШС БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЗАМАНАУИ ЖАҢА ТЕХНИКАМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

«ҚАЗАҚАВТОЖОЛ» ЖШС БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЗАМАНАУИ ЖАҢА ТЕХНИКАМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

Кәсіпорынды жекешелендіру шарттарының бірі инвестордың 300 жол техникасы мен (олардың жартысы қысқы күтіп ұстау жұмыстарына арналған) 200 жабдықты сатып алуы керек.

«Қазақавтожол» ЖШС-нің жол-пайдалану техниксымен қамтылуы республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға арналған қажеттілік нормативінің 38%-ын құрайды. Кәсіпорынның алдағы жекешелендіруін ескере отырып, жол техникасын сатып алу бюджеттік қаражат есебінен жоспарланбайды.

Сонымен қатар, техника жетіспеушілігін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық филиалы қазіргі уақытта қысқы күтімге арналған 6 бірлік техниканы: соның ішінде 3 бірлік құрамдастырылған жол машинасын, 2 грейдерді, 1 тракторды қосымша жалға алған.

Алдағы уақытта кәсіпорынның Батыс Қазақстан облыстық филиалы инвестор сатып алатын жаңа заманауи жол техникасымен жабдықталады.

Естеріңізге сала кетейік, көлік жүргізушілер мен жолаушылар республикалық маңызы бар автожолдар туралы ақпаратты +7 7172 444 777 қалалық телефоны арқылы, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің ұялы телефоны мен WhatsApp қосымшасындағы +7 771 7444 777 нөмірі бойынша тікелей хабарласып ала алады. WhatsApp арқылы сұрақ қоюға, өз бақылауыңызбен фото және видеоматериалдар түрінде тәулігіне 24 сағат бөлісуге болады. Тұрақты кері байланыс жол қозғалысы туралы шұғыл шешім қабылдауға және сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.

Фото ашық ақпарат көзінен