ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ӨЗАРА ТАУАР АЙНАЛЫМЫН АРТТЫРУДА

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ӨЗАРА ТАУАР АЙНАЛЫМЫН АРТТЫРУДА

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қол қойылған екіжақты және жан-жақты келісімдердің негізінде еркін сауда кедендік баждар мен шектеулерді қолданбай жүзеге асырылады.

Анықтама:

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда қатынастары 2011 жылғы 18 қазандағы ТМД-ның Еркін сауда аймағы туралы шартына (бұдан әрі - ЕСАК) сәйкес реттеледі, оған Өзбекстан 2013 жылдың 31 мамырында ТМД-дағы ЕСАК-н қолдану туралы Хаттамаға қосылды.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында 1997 жылдың 2 маусымында қол қойылған еркін сауда туралы екіжақты үкіметаралық келісім күшіне енді.

Сонымен бірге, Өзбекстан 2017 жылға дейін акциздік саясатты қолдана отырып, Қазақстанға экспорттық қызығушылық туғызған, оның ішінде 800-ден астам өнімнің импорты бойынша 3,272 тауар импортынан ішкі нарықты қорғады.

Түрлі деңгейдегі екіжақты кездесулер барысында Қазақстаннан әкелінетін тауарларға акциздік салықтарды алып тастау туралы мәселе көтерілді. Келіссөздер нәтижесінде басым экспорттық тауарларға қатысты акциздердің деңгейі төмендетілетін болды.

Мәселен, ағымдағы жылдың маусым айының соңында Өзбекстан Республикасы Президентінің жаңа жарлығы шықты. Соған сәйкес, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Өзбекстанға жеткізілетін акциздер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы 10 таңбалы 750 тауар түріне қолданылатын болады. 463 тауар түрі ауыл шаруашылығына және 287 тауар түрі өнеркәсіп өнімдеріне қатысты.

Өзбекстанның акциздік саясатын реформалау нәтижесінде акцизге жататын қазақстандық өнім атауларының саны 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 208-ден 50-ге дейін төмендейді.

Осылайша, Өзбекстанға экспортталатын 1 450-ден астам тауардың  құны 9,5 млн. АҚШ доллары болатын 50 тауар (2017 жылы тауар айналымының 0,48%) акцизге жатады.

Сонымен қатар, өсімдік майына, кондитерлік өнімдер, шоколад, кетчуп, ет консервілері, бояулар мен лактар, парфюмерлік-гигиеналық өнімдер, пластмасса бұйымдары, шиналар, ағаштан жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар, пруттар, сымдар, құбырлар, тұрмыстық техника, батареялар, электр жабдықтары, сымдар, автокөлік қосалқы бөлшектері, скутерлер, көзілдірік, жиһаз сияқты тауарларға акциздер алынып тасталды.

Өзбекстанның акциздік саясатты едәуір ырықтандырғаны байқалды. Бұл қазақстандық өнімдердің Өзбекстан нарығына экспорттауға мүмкіндік береді.

Анықтама:

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналым 2018 жылдың 10 айында 2 миллиард доллардан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,9%-ке артық ( 1,6 миллиард доллар).

Сонымен қатар, осы кезеңде Өзбекстан Республикасына экспорт 1,3 млрд. АҚШ долларын құрады, ал өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандық тауарлар Өзбекстанға 960,3 млн. доллар болды, өсім 37,6%-ті құрады.

Сондай-ақ, екі ел арасындағы сауда-саттықтың өзара артуы бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құрылды. Оның нәтижесінде тараптар Қазақстан мен Өзбекстанға жеткізілетін перспективалық өнімдердің тізімімен алмасты.

Бұдан бөлек, экспортты ілгерілету аясында министрлік биыл 22- мамырда Шымкентте өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумына 600-ден астам бизнесмен қатысты. Іскерлік форум аясында B2B кездесулері өткізілді. B2B кездесулерінің нәтижесінде 62 млн. АҚШ доллары көлеміндегі экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.

15-16 қазанда Ташкентте 29 қазақстандық компанияның қатысуымен сауда-экономикалық миссия құрылды. Іс-шара нәтижесінде 20,9 млн. АҚШ доллары көлеміндегі экспорттық келісімшарт жасалды.

17-18 қазан аралығында «Экспо орталықта» техника, құрал-жабдықтар саласы бойынша және Ташкент қаласында 29 қазақстандық компанияның қатысуымен ауыл шаруашылығы, азық-түлік және жеміс-көкөніс өнімдері бойынша өткен сауда көрмесінің аясында ұлттық стенд ұйымдастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша 1,6 млн. АҚШ доллары болатын экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.

Министрлік сондай-ақ осы жылдың 31 қазанынан 2 қарашасына дейінгі аралықта Ташкент қаласында өткен «UzStroyExpo-2018 » халықаралық мамандандырылған көрмесіне қазақстандық  "Alina" ЖШС-нің  қатысуын ұйымдастырды.

Фото ашық ақпарат көзінен