
2018 жылдың 19 қарашасы мен 19 желтоқсаны аралығында акция аясында көліктік бақылау органдары 7 086 шетел автокөліктерін тексеріп, 363 тасымалдаушы Қазақстан Республикасының көлік заңнамасы мен халықаралық келісім нормаларын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған (150), шетелдiк тасымалдаушының автомобильмен тасымалдаулардың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларына сәйкес ресiмделмеген отандық рұқсатты пайдаланған (77), отандық рұқсат бланкісіз жүріп өту (7), орындалмаған хабарлама болған кезде халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру (6) сияқты заң бұзушылықтар жасаған.
Заң бұзушылыққа жол берген тасымалдаушылардың негізгі бөлігі, яғни 42% (154) ресейлік, 33% (121) қырғыз, 7,4% (27) өзбек және 17,6% (61) басқа мемлекеттердің тасымалдаушылары (литвалық – 23, польшалық – 8, украиндық – 18, неміс – 2 және басқа 10).
Салынған әкімшілік айыппұл соммасы мен алым соммасы
16 млн. 943 мың. теңгені құрады.
Бұл акция 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады.
Фото ашық ақпарат көзінен