ҚҰРМЕТТІ КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Біз бүгін жыл сайын дәстүрге айналған Көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін Нұр-Сұлтан қалалық әкімдікпен бірлесіп атап өтіп жатырмыз.

Көліктік-транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық жобасы аясында «Батыс Европа – Батыс Қытай» дәлізі салынып, Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 26,5 млн тоннаға дейін жеткізілді. Қазақстанның ұлан-ғайыр аумағын қосатын Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілері салынды. Бұл маңызды саланың атқарылып жатқан жұмыстарының айшықты көрінісі.Біз жыл сайын сала мамандарын Көлік саласына қосқан зор үлестері үшін марапаттап, әрі қолдау көрсетіп келеміз. Осының барлығы мамандардың мемлекет үшін істеп жатқан жұмыстарының жемісі деп білеміз.

Біздің ұйымдастырып жатқан биылғы мерекені салауатты өмір салтын тұрғындар мен жастарға насихаттау мақсатында жас қызметкерлер арасында жаппай жүгіруден марафон өткізуді жөн көріп отырмыз.