
Көшелерге ауқымды жөндеу, жаңарту жұмыстары жүргізілді. 62 әлеуметтік нысан, оның ішінде ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары 20 тамызға дайын болады. Осыған байланысты Үкімет басшысы тиісті министрліктер мен ведомстволарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп қаланың барлық коммерциялық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауы тиіс.
Асқар Мамин сондай-ақ Арыс қаласының тұрақты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру қажеттігін атап өтті және "Үкімет Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арыс қаласын одан әрі дамыту мәселелерін бақылауда ұстайтынын"атап өтті.
