АЛМАТЫДА ХАЛАЛ ӨНІМІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АЛМАТЫДА ХАЛАЛ ӨНІМІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Іс-шараға Ұлыбританиядан, Сингапурдан келген сарапшылар, «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының, ҚазҰАУ, Қазақстандағы "HALAL QUALITY CENTER" ЖШС-нің, «Халал Даму» ЖШС-нің, сонымен қатар сүт, ет, тамақ өнімдерінің өндірушілері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты аккредиттеу, стандарттау және техникалық реттеу саласында Халал өнімдерін  дамытудың халықаралық тәжірибиесін зерттеу болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар халал индустриясын дамытуда шет елдік тәжірибиесімен алмасты, соның ішінде халықаралық деңгейде аккредиттеу және сәйкестікті бағалау сұрақтары бойынша. Сонымен қатар, GHP гигиеналық тәжірибені және GMP өндірістік тәжірибе стандарттарының қатаң талаптарын қосатын халал өнімінің шетелдік стандарттарын ұсынды.

Сонымен қоса, Департамент басшысының орынбасары Қанат Керімқұлов Қазақстандағы халал индустриясының дамуын атап өтті және халал өніміне 2019 жылы әзірленетін стандарттарды атады.