ТЕҢІЗДЕ САУДА МАҚСАТЫНДА ЖҮЗУ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ 2018 ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ТЕҢІЗДЕ САУДА МАҚСАТЫНДА ЖҮЗУ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ 2018 ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Осы мекеменің негізгі мақсаты Қазақстан теңіз порттарына кіретін теңіз кемелерін тексеру жолымен олардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету болып табылады.

Халықаралық конвенциялардың және ұлттық заңнамаларының талаптарына сәйкес, Теңіз порты әкімшілігінің инспекторы кемені қарау барысында кеме экипажы мүшелерінің және командалық құрамының тиісті біліктілігін, кеме құжаттарын, кеменің техникалық жағдайын, құтқару және сигналдық құралдарының болуын, сонымен бірге өрт сөндіру құралдарын тексереді.     

2018 жылдың қорытындысы бойынша Теңіз әкімшілігімен Ақтау Баутино және Құрық теңіз порттарына кірген 408 теңіз кемесі тексерілді, соның ішінде:

Қазақстан Республикасының – 120 кемесі;

Ресей Федерациясының – 117 кемесі;

Әзiрбайжан Республикасының – 92 кемесі;

Иран Ислам Республикасының  - 79 кемесі;

Барлығы 9 кемеге анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін порттан шығуға рұқсат беруден бас тартылды, оның ішінде РФ – 2, Әзірбайжан – 1, Иран Ислам Республикасының – 6 кемесі.

Жыл басынан бері кемелерді қарау кезінде бұзушылықтарды жою туралы 4 ұйғарым берілді.

Есептік кезеңде ҚР ӘҚБК 578 б. 1 т., 580 және 581 б. 1 т., 582 б. 2 т., 582 б. 3 т. 583 б. 1 т. 18 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, жалпы 200 818 теңге сомасында айыппұл анықталды және өндірілді.