
Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызмет тауарларды ЕАЭО кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеуді іске асыратын кәсіпкерлерге тауарларды кедендік әкету және әкелу баждарын төлемей тауарларды әкелуге және әкетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2018 жылғы 28 маусымда № 392 «Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың формасын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын қабылдады. Ол тауарларды ЕАЭО кедендік аумағында/аумағынан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттардың нысандарын және тауарларды ЕАЭО кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, қағидаларын өзгертуді көздейді.
Министрлік 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 671 «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы қабылдады. Онда мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін және мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматқа ауыстыру көзделген.