
Отырысты аша отырып, ол Үкімет отырысының қарсаңында өткен техникалық реттеу туралы қорытындыны айтты.
Ішкі нарықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстың нақты белгіленген форматын болжайды. Бұл камералдық бақылауға көшу. Соңғы жылдары алғаш рет Аккредиттеу жөніндегі ұлттық органға қатысты тексеру парағының нысаны бекітілді.
Сондай-ақ өнімді экспортқа жылжытуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру да өзекті міндет болып табылады және қазіргі таңда бұл жерде техникалық реттеу жүйесін қалыптастыратын органдарға басты рөл бөлінген.
Сыртқы нарықтарға шығу кезінде әлеуетті техникалық кедергілерді анықтау және жою барысында Өңірлік штабтардың жұмысы ерекше құрал болып белгіленді. Олардың міндеті экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды толық ақпараттандыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейтуден тұрады.
Ұлттық реттеуден жоғары реттеу шараларын іске асырудағы негізгі блок қоғамдық денсаулық және мемлекеттік кіріс органдарының әріптестерімен өзара іс-қимылды ретке келтіру болып табылады.
Мемстандарт төрағасы өңірлердің салалық ерекшелігіне сүйене отырып, салалық кәсіпорындармен техникалық регламенттерге нормативтік құжаттардың қажеттілігін пысықтау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, ол қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі туралы еске салды.



