
Премьер-министр Асқар Маминнің түркітілдес елдерге арналған АЭА құру туралы тапсырмасы аясында Түркістан облысында «TURKISTAN» АЭА өнеркәсіптік субаймағының аумағында 180 га «TURKSEZ» арнайы экономикалық аймағын құру тұжырымдамасының жобасы әзірленді.
Тұжырымдама жобасы жергілікті шикізат ресурстары базасында сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндірісін ұйымдастыруды көздейді.
Өңірдің қолда бар шикізат әлеуеті дайын өнімнің кең номенклатурасын - құрылыс материалдарын, дайын металл бұйымдарын және металл емес минералдық өнімдерді, тоқыма, тігін және былғары аяқ киім бұйымдарын, азық-түлік тауарларын, фармацевтика өнімдерін, сондай-ақ электр техникалық, телекоммуникациялық және машина жасау өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте энергия тиімді және экологиялық таза өндірістерге, инновациялық технологияларды енгізуге және өндірісті автоматтандыруға басымдық беріледі.