ҚАУІПСІЗ ЖИҺАЗ

ҚАУІПСІЗ ЖИҺАЗ

Бүгінгі күні Кеден одағының «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенті ( КО 025/2012 ТР) Еуразиялық экономикалық одақ аумағында әрекет етеді. Техникалық регламенттер бірыңғай кеден аумағында айналысқа шығарылатын жиһаз өнімдерінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету, жиһаз өнімдеріне қойылатын талаптарды орындау үшін бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді.

Осы техникалық регламент Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында адам өмірін және (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны және жануарлардың өмірін және (немесе) денсаулығын және өсімдіктерді қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында жиһаз өнімдеріне және оны қолдану (пайдалану) процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

Осы техникалық регламент Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын жиһаз өнімдеріне – тұрмыстық және қоғамдық үй-жайларға арналған, оның ішінде жеке тапсырыс бойынша жасап шығарылған жиһаз бұйымдарына, жинақтарына, гарнитурларына қолданылады.

Жиһаз өнімі осы техникалық регламенттің талаптарына, техникалық регламенттеріне сәйкестігін қажетті бағалау (растау) процедураларынан өткен жағдайда, ол Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылады.

Жиһаз өнімдері тағайындалуы бойынша қолданылған кезде және пайдалану құжаттарында көзделген ережелер сақталған жағдайда, олар:

1) механикалық қауіпсіздік – жиһаз бұйымдары құрастырылымының орнықтылығының, статикалық және соққыға беріктігінің, қаттылығының, пішінсізденуінің, иілістері шамасының, ұзаққа төзімділігінің қажетті деңгейімен;

2) химиялық және санитариялық-гигиеналық қауіпсіздік - Жиһаз өнімдерінің химиялық және санитариялық-гигиениалық қауіпсіздігі жиһаз бұйымдарынан ұшпа химиялық заттардың барлық бөлінетін заттардың бірлескен әсерін есепке ала отырып адам ағзасына тікелей немесе жанама қолайсыз әсер ететін мөлшерде бөлінуі болмауын қамтамасыз етуге тиіс. Жиһаздарды пайдалану кезінде бірінші қауіптілік класына жататын химиялық заттар бөлінбеуге тиіс;

3) өрт қауіпсіздігі;

4) электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей етіп дайындалуға тиіс - Жиһаз бұйымдарын қоса орнатылған электр жарық беру құралдарымен, тұрмыстық техникамен, электр техникалық жабдықтармен және электр жетектерімен жинақтау кезінде, электр қауіпсіздігі мен оқшаулауыш қорғанышының қажетті деңгейі «Төмен вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Айналымға шығарылған жиһаз өнімдерін пайдалану таңбалауда көрсетілген жиһаз өнімінің арналуы, жинау, пайдалану және күтім жасау жөніндегі нұсқаулық бойынша, сондай-ақ (қажет жағдайда) дайындаушы көрсеткен жол берілетін шектік жүктемелерді есепке ала отырып жүзеге асырылуға тиіс;

Бөлшектелген түрінде жеткізілетін жиһаз өнімдері жинақтауыш ведомость пен құрастыру схемасы жазылған, дайындаушы салған жинау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес құрастырылуға тиіс;

Сізге ұнайтын жиһазды сатып алмас бұрын, таңбалауды қарап шығу керек. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында өткізілетін әрбір жиһаз бұйымында орыс тілінде және, оның заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда, мемлекеттік тілінде жазылған таңбалауы болуға тиіс.

Таңбалау құрастырылған түрінде жеткізілетін жиһаз бұйымдарына мықтап бекітілген қағаз құлақшаға (затбелгіге) немесе матадан жасалған құлақшаға баспа тәсілімен орындалуға тиіс.

Бөлшектелген түрінде жеткізілетін жиһаз бұйымдарында бұйымның белгіленуі мен жасап шығарылған күні жазылған таңбалау болмауға тиіс. Бұл жағдайда бұйымның белгіленуін дайындаушы немесе сатушы жиһазды сатқан уақытта немесе оны пайдаланушының өзінде жинау уақытында басады. Шығарылған күні орауышта (орауыштарда) көрсетілуге тиіс. Бөлшектелген түрдегі жиһазға таңбалау орауышына түсіріледі.

Таңбалауды шайылмайтын бояумен, штемпелдеумен, күйдіру, ойып басу арқылы түсіруге, сондай-ақ құлақшаға арнайы мөртабанмен жекелеген деректемелерді басуға жол беріледі;

Таңбалау айқын болуға және мыналар жазылуға тиіс пайдалану және функционалдық тағайындалуы бойынша жиһаз бұйымының атауы, бұйымның белгіленуі (сандық, жекеменшік, үлгі және оған ұқсас), дайындаушының тауарлық белгісі (логотипі) (болған жағдайда), дайындаушы елінің атауы, дайындаушының атауы және орналасқан жері, дайындаушының уәкілетті тұлғасының, импорттаушының атауы, заңды және нақты мекенжайы, дайындалған күні, кепілдік мерзімі, дайындаушы белгілеген қызмет ету мерзімі. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі.

Бөлшектелген күйде жеткізілетін жиһаздар үшін таңбалау құлақшасы құрастыру жөніндегі нұсқаулықпен бірге орауыштың ішіне салынуға тиіс;

Білуге міндетті, балалар және оқушылар орындықтарының, қоғамдық үй-жайларға арналған парталардың таңбалауында – олардың бой нөмірі, төменгі жағында балалардың орташа бойы көрсетілуге тиіс.

Мектепке дейінгі және оқу орындарында мекемелерде әртүрлі жастығындағы орындықтарды, үстелдерді пайдалану балалардың омыртқасының әртүрлі ауруларына әкелуі мүмкін, мысалы: стеноз, орта омыртқа дискілердегі грыж және т.б.

Техникалық регламенттерге сәйкес, нарықта айналымға шығарылғанға дейін жиһаз өнімдері Кеден одағының көрсетілген техникалық регламенттерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растаудан өтуі тиіс.

Егер өнім сертификаттау / декларациялау арқылы расталуы тиіс өнімнің тізіміне енгізілсе, КО ТР сертификаты / декларациясы міндетті болып табылады. Онсыз Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнімдерді шығаруға және сатуға болмайды.

Тұтынушыларға жоғары сапалы жиһазды дұрыс таңдауды, ұзақ уақыт қызмет көрсетуін және пайдалануға қауіпсіз болуын тілейміз.