
Ауа райының қолайсыздығына (боран, көрініс шектелуі) байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 683-686 км учаскесінде 200-ден астам көлік тұрып қалды. Көліктердің 4 жолаққа қатар тұрып қалуына байланысты жолды тазалау қиынға соқты.
«Қазақавтожол» ЖШС және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ көмегімен автожолды тазарту жұмыстары жүргізілді. ТЖК органдары мен бірлесіп 200-ден астам көлік, 400 адам - жолаушылар мен жүргізушілер құтқарылды.
Барлық көлік түрлеріне сағат 15-40-та қозғалыс рұқсат етіліп, жол ашылды.
Қазіргі кезде автокөлік жолын кеңейту жұмыстары жүргізілуде, оған 9 арнайы техника тартылды (шнекороторлар, автогрейдерлер, жүктиегіштер, құрамдастырылғанжолмашиналары).
Қазіргі уақытта өңірде екпіні 20 м/с-қа жететін желді боран туралы ескерту жарияланып отыр. «Қазақавтожол» ЖШС көлік апаты қаупі жоғары болуына байланысты алыс жолға шықпауға кеңес береді. Біз сондай-ақ барлық жол пайдаланушыларын жылдамдықты шектеуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты қадағалауға және оқыс маневрден аулақ болуға шақырамыз.
Ел бойынша жолға шыққан жолаушылар мен көлік жүргізушілеріне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты ақпарат алмасу үшін WhatsApp қосымшасында «Қазақавтожол» ЖШС диспетчерлік қызметінің +7 771 7444 777 нөмірі жұмыс істейтінін ескертеміз.
Бұдан бөлек, ақпарат алу үшін +7 7172 444 777 қалалық телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Жедел ақпаратты мына сілтеме арқылы республика бойынша қозғалысты шектеу картасынан қарауға болады: kazavtodor.soft.kz/cr/map