
Техникалық реттеу комитеті, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-мен сынақ орталығын талдау мен жабдықтау туралы және тиісті жабдықтарды пайдалану бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.
Ашылу салтанатына өңірлік штабтың, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, стандарттау және метрология институттарының мүшелері қатысты.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы Бауыржан Қасымов өз сөзінде осы жобаның бірегейлігін атап өтті.
«Бұл жеңіл өнеркәсіп өнімдерін, балалар киімі, жеке қорғаныш құралдарын өндіретін кәсіпорындарының шығыны мен уақытын қысқартуында көрініс табады. Бұл жоба кәсіпкерлік пен аккредиттеу субъектілері арасындағы ішкі өңірлік ынтымақтастықты жақсартады», - деп айтты.


