Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі жеке құрылыс салушылар мен әкімдіктерге уақыт пен қаражатты үнемдеуге көмектеседі

Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі жеке құрылыс салушылар мен әкімдіктерге уақыт пен қаражатты үнемдеуге көмектеседі

Қазақстанның қала құрылысы заңнамасындағы 2020 жылғы негізгі өзгерістердің бірі - операторы «Мемсараптама» РМК болып табылатын Мемлекеттік құрылыс жобалары банкін құру болды.

Мемлекеттік банк 2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай Портал мен  ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі алаңында іске қосылды. Мемлекеттік банк идеясы бойынша тапсырыс беруші электрондық платформадағы кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған барлық әзірленген жобаларға қол жеткізе алады.

Басқаша айтқанда, құрылыс салушы жаңа құрылыс үшін ТЭН, үлгілік жоба-сметалық құжаттама мен ЖСҚ әзірлеуге уақыт кетірмейді.

Осылайша, қаражатты 65%-ға дейін үнемдеуге болады, ал жобалау мерзімі 40%-ға дейін қысқарады.

Айта кету керек, Банкке ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған жаңа нысандар құрылысының жобалары ғана енгізіледі. Банкке енгізу үшін жоба Авторының келісімі қажет, осы орайда Автор сұранысқа сәйкес өз жобасының орнына кез келген басқа жобаны тегін ала алатынын айтып өткен жөн.

Бұрын әзірленген жобаны қайта қолданған жағдайда ол осыған дейін сараптамадан өткендіктен, әзірленетін жобалардың сапасы артады.

Мемлекеттік банктің қызметі туралы толығырақ ақпарат алу үшін https://epsd.kz/Home/Bank сілтемесі арқылы өтіңіз.