
Ақылы учаскелерге енгізілген төлем алу жүйесінің жұмыс істеуі республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын жақсартуға, жоп апатын төмендетуге, логистикалық дәліздерді жетілдіруге мүмкіндік береді. Көлік инфрақұрылымын дамыту ЖІӨ көбейтуге ықпал етеді, автожолдарды жөндеу, қайта жаңарту және күтіп-ұстауға қаражат салуды қамтамасыз етеді.
Айта кететін жайт, ақылы автожол учаскелерін қамтитын аудандардың тұрғындары үшін хабарландыру және түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. Қоғамдық тыңдаулар өткізілді, жүйенің ашылуы туралы ақпараттандыру үшін аудан тұрғындарын аралап, тұрғындардың төлем мөлшері туралы ұсыныстары тыңдалды. Осылайша, автожол пайдаланушылардың жобаны талқылаудағы өтінімдері мен тілектерін тапсыруға уақыт жеткілікті болды.
Жеңіл көлік үшін жүретін жолдың төлем мөлшері:
Астана-Теміртау алдын-ала төлеу – 200 тг., қолма-қол – 400 тг.
Алматы-Қапшағай алдын-ала төлеу– 100 тг., қолма-қол – 200 тг.
Алматы-Қорғас алдын-ала төлеу– 300 тг., қолма-қол – 600 тг құрайды.
Көліктің басқа түрлері үшін жүретін жолға төлемақы мөлшерлері:
|
№ |
Аймақ |
16 орынға дейінгі автобус және жүк автомобильдері немесе 2,5 тоннаға дейін көтеретін жүк көлігі |
32 орынға дейінгі автобус және жүк автомобильдері немесе 5,5 тоннаға дейін көтеретін жүк көлігі |
32 орынға дейінгі автобус және жүк автомобильдері немесе 10 тоннаға дейін көтеретін жүк көлігі |
10-15 тоннаға дейін көтеретін жүк көлік автомобильдері |
15 тоннадан артық көтеретін жүк көлігі, сонымен бірге жекпелері, жүк |
|
|
Астана -Темиртау |
|||||||
|
Бір бағытқа арналған бүкіл маршрут үшін(134,087 км) |
700 |
700 |
1350 |
2000 |
2700 |
||
|
Алматы-Капшагай |
|||||||
|
|
Бір бағытқа арналған бүкіл маршрут үшін(41,955 км) |
200 |
200 |
400 |
600 |
800 |
|
|
Алматы-Хоргос |
|||||||
|
|
Бір бағытқа арналған бүкіл маршрут үшін(295км |
1500 |
1500 |
2950 |
4400 |
5900 |
|
Ақылы учаске бойынша төлем беру ақылы учаскеден шыққан кезде төлем алатын бекеттерде жүргізіледі немесе төмендегі тәсілдермен:
1.PayWay.kz сервисі;
2.KazDriver мобильді қосымшасы;
3. Kaspi.kz интернет бөлімі;
4. Сбербанк интернет-банкингі;
5. АТФ Банкинтернет-банкингі;
6. HalykBankинтернет-банкингі;
7. Евразийский банкинтернет-банкингі;
8. Capital Bank интернет-банкингі;
9. Мобильді телефонның тікелей балансына (Kcell,Activ, Beeline, SMS, USSD,mobile App, Web- қосымшасы )
10. Дербес шотқа (шарт жасау жолымен заңды тұлғаға алдын ала төлемақы аудару);
11.QIWI терминалы, Касса24, Киберплат, Tenge, Wooppay,Salempay;
12. Май құю картасы E100;
алдын ала төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Білу қажет, жеңіл көлік үшін алдын ала төлеу төлем алу бекеттеріндегі бағадан 2 есеге арзан болады. Төлем алу бекеттері арқылы өту кезінде кезекті болдырмау мақсатында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүретін жолға қолма қол ақшасыз төлеу тәсілін ұсынады.
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2 бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде: жедел медициналық жәрдем ұйымдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің; жол-патруль қызметтерінің; әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар және багажды тұрақты тасымалдайтын автобустар;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін төлемнен босатылады.
Ақылы автожол учаскелерін қамтитын аудан тұрғындары үшін абонементтің құны мың теңгені құрайды, ол жыл бойы жарамды болып саналады. Оны тек елді мекендер трассаларын қамтитын тіркелген автомобиль иелері ғана ала алады. Егер де азамат ТАЖ кентін қамтитын мекенде тұратын болса, бірақ машина басқа жерде есепте тіркелген болса, ақы төлеу жалпы негізде жүргізіледі. Абонементтерді рәсімдеу ақы төлеу бекеттерінде жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда ақы алу жүйесі бойынша жұмыстар аяқталды. Еске сала кететін жайт, 2018 жылғы қыркүйектен бастап «Астана-Теміртау», «Алматы – Қапшағай» автожол учаскелерінде ақы алу жүйесі сынамалық режимде жұмыс істеп келеді.