МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

«Мен көріп отырған қазақстандықтардың жаңа ұрпағы - бұл Қазақстанның ең үлкен жетістігі, Мемлекет басшысы ретінде менің жұмысымның ең үлкен нәтижесі. Бүгін сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын және Сіздерді Қазақстан жастары жылының басталуымен құттықтаймын», - деді Мемлекет басшысы «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде.

Жастар жылынының ашылуына Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен өз жұмысында, Министрлікке қатысты салаларда жетістіктер мен жоғары нәтижелерге қол жеткізген жұмысшы жастардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында геологтар, су ерітінділерін электролиздеуші, ұсақтау кешенінің ұнтақтаушысы, шахта үңгушісі, металлургтер, құрылыс-жол учаскесінің шебері, құрылысшылар, лаборанттар, стандарттау мен метрология мамандары, әуе кемесі қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын диспечерлер мен инженерлер, инженер-электронщик, темір жол тасымалдау магистралі жүйесінің мамандары бар.