ӨСКЕМЕНДЕ «ШЫҒЫС АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

ӨСКЕМЕНДЕ «ШЫҒЫС АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

Кеңсені «Сыбайлас жемқорлықтан бос аймақтары» жобасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру шеңберінде таныстырылды, жобалық кеңсенің ашылу салтанатына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқармасының бастығы Саян Ахметжанов және облыс әкімі Даниал Ахметов қатысты.

Жобалық кеңсесінің отырысына  Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы қатысты.

Қызметкерлердің жалақысын көтеру, халыққа көрсетілетін қызметтерді цифрлау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру бойынша кейбір мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың жұмыс тәжірибесі көрсетілді.

Жоба сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, адамның жағдайын жақсартуға, қызметтердің сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыруға бағытталған.