
2018 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметімен тұрғын үй қатынастары субъектілерінің құқықтық қатынастарын реттейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.
Марғұлан Әбдікәрімовтың айтуынша, заң жобасында ұсынылып отырған негізі ұсыныс – бұл «бір үй – бір мүліктің меншік иелері бірлестігі – бір шот» қағидасы бойынша жұмыс істейтін көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың коммерциялық емес жаңа формасын құру.
«Бір үй – бір мүліктің меншік иелері бірлестігі – бір шот» көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару қағидаты бойынша тұжырымдамалық ұсыныс тұрғындардың түскен қаражатты бақылау және осы ақшаның мақсатты жұмсалуы мүмкіндігімен тек өз үйлерін күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинауларына мүмкіндік береді», - деп атап өтті М.Әбдікәрімов.
Сондай-ақ, заң жобасымен кондоминиум объектісін тіркеу процедурасын жеңілдету, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөндеуіне қаражат жинау тетігін регламенттеу, тұрғын үй және тұрғын-үй құрылыс кооперативтерінің қызметін жетілдіру қарастырылған.
Тағы бір маңызды тұс, заң жобасы аясында кондоминиум объектісінің басқару органын үй-жайлар меншік иелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету және меншік иелері және басқарушы компаниялар және сервистік ұйымдар және әкімдіктер қарым-қатынасын жақсарту үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көзделген.
Жаңа түзетулерді енгізу кондоминиум объектісінің басқару мен күтіп ұстауға қатысушы субъектілердің қарым-қатынасының жақсаруына, кондоминиум объектісінің басқарудың және күтіп ұстауға қаражаттың жұмсалуының ашықтығының жоғарылауы және пәтер иелерінің басқарушы компаниялармен сервистік қызмет субъектілерімен көрсетілген қызметтер сапасына көңіл толуына әкеледі.


