
Толықтай автономды құрылғы еденді жуу барысында адамдарды, қабырғаларды және басқа да кедергілерді айналып өтіп, кеңістікте адамның араласуынсыз қозғалады. Сонымен қатар, робот суды үнемдеп, оны қайта пайдалану мақсатымен ішкі қорабын да тазалайды. Жасанды интеллект элементтері енгізілгендіктен, бірнеше робот бір бөлмеде бір-біріне кедергі келтірмей тиімді түрде өзара әрекеттеседі. Қажет болған жағдайда, машиналар батарея мен суды ауыстыру мақсатымен өздігінен базаға аттанады.
“Tech Garden ұсынған үш айлық акселерацияға қатысу арқылы біз, біріншіден, қажетті білім алып, роботымызды өндірістік құрастыруға дайын деңгейге жеткіздік. Екіншіден, Қазақстанда бірінші ірі тапсырыс беруші компанияны таптық. Бірінші роботтар Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында іске қосылады, - дейді жоба авторы Николай Потапов.
“Автономные технологии” стартабы (Якутск қаласындағы IT-парктің резиденті) Қазақстандағы технологиялық компаниялардың сыни жиынтығын құру мақсатында Қазақстандық компанияларға қолдау көрсетуге, сондай-ақ шетелдік стартаптарды тартуға бағытталған «Startup Kazakhstan» бағдарламасының аясында Қазақстанға тартылды. Аталмыш роботты М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс Федералды Университетінің ғалымдары мен студенттері әзірледі. Бүгінгі күні бұл роботтар Якутия Технопаркінің шеберханаларында құрастырылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда осы роботтардың толыққанды өнеркәсіптік өндірісін құру мәселелері әзірленуде. Аталмыш стартап қазақстандық компаниялармен 100 роботты жеткізуге келісіп, Ресейлік компанияларға тағы да 500 роботты жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде.
«Елбасы қойған тапсырмаларды орындау аясында қорымыз жүзеге асыратын Startup Kazakhstan бағдарламасының маңызды нәтижелерін көріп отырмыз. Негізгі мақсатымыз - отандық стартаптарды қолдау және шетелдік стартаптарды тарту арқылы Қазақстанда жоғары технологиялық компаниялар жиынтығын құру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Tech Garden кластерінің айналасында толыққанды экожүйе құрылып, ТМД елдерінен стартаптардың тиімді ағыны орнатылды. Бүгін біз Startup Kazakhstan бағдарламасының арқасында болашағы зор якуттық стартаптың жоғары технологиялық қазақстандық компанияға айналуын бақылап отырмыз. Аталмыш компания Қазақстанда тіркеліп, салық төлеп, ел экономикасына толықтай қатысуда, - дейді Tech Garden дербес кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков.
