
«2019 жылы паритетті негізде республикалық және жергілікті бюджеттен 150 млрд. теңге бөлу қарастырылған.
Осылайша 2025 жылға қарай жергілікті желіліредің жағдайын 90 %-ға дейін жақсартамыз (жақсы және қанағаттанарлық жай-күйде)», - деп Жеңіс Қасымбек атап өтті.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Министрлік «Эйр Астана» авиакомпаниясымен бірлесіп Жапония, Нью-Йорк, Шанхай және әлемнің басқа да ірі қалалары бағыттары бойынша әуе қатынасын ашу жөнінде тиісті шаралар қабылдайтын болады.
«Биыл АҚШ-қа ұшу үшін аккредитация рәсімдерін бастаймыз. Министрлік «Ашық аспан» жобасы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық Келісім жобасын қол қоюға әзірледі. Қол қою биыл наурыз айына жоспарланды.» - деді министр.
Бұдан бұрын, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ пен Жапонияға тікелей авиарейстерді ашу мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.