ҚР ИИДМ: «КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ – ОТАНДЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДА!»

ҚР ИИДМ: «КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ – ОТАНДЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДА!»

Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес беріледі. Әр мемлекет серіктес мемлекетке өз территориясында жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота беріледі. Осыған орай, жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе бітірсе, шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды.

Сонымен, акция шеңберінде көліктік бақылау органдарымен 14 823 шетелдік автокөліктер тексеріліп, 733 тасымалдаушы Қазақстан Республикасының көлік заңнамасы мен халықаралық келісім нормаларын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 196 рұқсат жүйесі бойынша. Көбінесе, ресейлік 7, түріктік 3, өзбек 3, қырғыз және 5 басқа тасымалдаушылар қажетті құжаттарсыз Қазақстан территориясында жүк тасымалдаумен айналысқан.  

Жалпы 2018 жылы халықаралық келісім нормаларын және Қазақстан Республикасының көлік заңнамасы бұзған үшін 5 227 шетелдік тасымалдаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Барлық құқық бұзушылықтан 1 323 тасымалдаушылар Халықаралық келісім нормаларын бұзғандары үшін жауапқа тартылған, көбінесе жүк тасымалдауға рұқсат бланкісі болмағаны үшін – 179, рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларына сәйкес ресiмделмеген отандық рұқсатты пайдалануы – 862, орындалмаған хабарлама болған кезде халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру - 268, тартқышты немесе жүк автокөлігін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелмеген басқа тартқышқа немесе жүк автокөлігіне ауыстыруды (қайта тіркеуді) жүзеге асыру - 14.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы территориясында каботажды тасымалдалды жүзеге асырған 151 құқық бұзушылық анықталған.

Бұл акция жыл сайын өткізіледі.