Қарағанды облысында жергілікті жолдар желісінің 300 шақырымнан астамы жаңартылуда

Қарағанды облысында жергілікті жолдар желісінің 300 шақырымнан астамы жаңартылуда

Биыл Қарағанды облысында жол-құрылыс жұмыстарымен жалпы ұзындығы 338 шақырым болатын жергілікті желінің 23 жобасы қамтылған.

Атап айтқанда, 77 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар 4 жолды реконструкциялау жүзеге асырылуда: «Осакаровка-Молодежное», «Қаражал-Атасу», «Новодолинка-Шахан-Молодецкое» және «Киевка-Шахтер-Пржевальское» автомобиль жолдары.

Бұдан бөлек, «Новодолинка-Шахан-Молодецкое», «Қарағанды-Теміртау-Токаревка» жолдары мен Қызылжар ауылында 4 көпір реконструкцияланбақ.

Сондай-ақ облыста жергілікті желі жолдарының учаскелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша 15 жоба қамтылған.

Осылайша, жыл соңына дейін 140 шақырымға жуық жол учаскесін жөндеу жоспарланып отыр. Бұл жергілікті желі жолдарының 89%-ын нормативтік жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде бұл көрсеткіш 84% деңгейінде. Қарағанды облысындағы жергілікті маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 5 984 шақырымды құрайды.