
Аталмыш ресурс арқылы Стандарттау жөніндегі еуропалық комитеттен (СЕN) соңғы жаңалықтарды білуге және Еурокодтардың мазмұнымен танысуға, Қазақстанда Еуропалық стандарттарды пайдалану арқылы қандай жобалар орындалғанын және есептеудің жаңа әдістемесімен құрылысшылардың қандай нәтижелерге жеткенін көруге болады. Алаң сондай-ақ Еурокодтарға (ҚР ЕЖ EN) Ұлттық қосымшаларды әзірлеушілерге тікелей сұрақ қоюға, Еурокодтарды қолдану саласындағы өзекті сұрақтарға жауап алуға немесе әріптестермен пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Еурокодтарды талқылауға арналған платформаға https://discussion.kazniisa.kz/ сілтемесі арқылы кіре аласыздар.

